Орал кафесіндегі жарылыс: Жарақат алғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Орал қаласындағы кафеде болған жарылыс кезінде жарақат алғандардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда.
Фото: БҚО әкімдігі
«Екі ер адам және екі әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бір ер адам травматология бөлімінде. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының әкімі мәселені бақылауда ұстап отыр. Әкім түнде жарылыс орнында болып, облыстық төтенше жағдай департаментіне және денсулық сақтау басқармасына тиісті тапсырма берді» деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО әкімдігі
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).