Орал қаласы орталығындағы көпқабатты үйлер ыстық судан ажыратылды
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласының орталығында 15-31 шілде аралығында жылу құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жайықжылуқуат» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осыған байланысты бүгін сағат 10.00-ден бастап бірқатар көпқабатты үйге ыстық су беру тоқтатылды.
Атап айтқанда, С.Сейфуллин көшесі, 4/2, 4/4, Т.Масин көшесі 37/1 және Ф.Неусыпов көшесі 26/3-мекенжайларында орналасқан үйлерде екі апта бойы ыстық су болмайды.
Тұрба құбырының диаметрі – 133,89 мм.
Сонымен қатар «Батыс су арнасы» ЖШС Зачаган кентіндегі Т.Бигелдинов көшесінде диаметрі 400 мм фланецті катушканы ауыстыру жұмысы жүргізілетінін хабарлады.
Осыған орай Т.Бигелдинов көшесі мен «Балауса» шағынауданында сағат 14.00-ден бастап шамамен 20.00-ге дейін салқын су беру тоқтатылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбыр ауыстыруға байланысты 200-ден астам абонент ыстық сусыз қалғанын жазған едік.