Бүгін Орал қаласына келетін ұшақтар кешігіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Атыраудан келетін рейс жергілікті сағат 12.00-де келуі керек еді.
«Қазіргі кезде ұшақ техникалық себептерге байланысты кешігіп жатқанын хабарлады. Шамамен сағат 17.00-де Оралға келуі жоспарланып отыр. Сол секілді алматылық рейс сағат 11.00-дің орнына 13.00-де келетін болды», — дейді А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласынан Астанаға қатынайтын ұшақтың ұшпай қалғанын жазған болатынбыз.
Бұл рейс бүгін қатынайтын болды.
«Техникалық себептерге байланысты әуе кемесі ауыстырылды. Кешегі Air Astana-ның ұшағы әзірше жөнделмейді деді. Бүгін Астанадан Fly Arystan-ның ұшағы ұшып келді. Бірақ ішінде Air Astana қызметкерлері қызмет көрсетуде. Енді осы ұшақпен ұшқалы жатырмыз», — деді Салтанат есімді жолаушы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).