Орал қаласында 800-ге жуық абонент ыстық сусыз қалды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында «Жайықжылуқуат» АҚ алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Жайықжылуқуат» АҚ-дан мәлім еткеніндей, осыған байланысты бүгіннен бастап 1 тамызға дейін бірнеше тұрғын үй мен екі балабақшаға ыстық су беру тоқтатылды.
Атап айтқанда, «Солтүстік-Шығыс» шағынауданы № 9, 19, 20, 21 және Магистральная көшесі № 1 үйде және «Тұлпар» және «Балбөбек» балабақшаларында уақытша ыстық су болмайды.
— Барлығы 785 абонент ыстық судан ажыратылды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген ресми ақпаратта.
Сонымен қатар «Батыс су арнасы» ЖШС Жуков көшесі 14-мекенжайындағы құбырдағы жұмысқа байланысты мына мекенжайларда салқын су беру тоқтатылғанын мәлімдеді.
Құрманғазы көшесі 210, 210/1, 210/2, 210/3, 210/4, 210/5, 210/2а, 210/1а, 208, 204, 202, 179/1;
Ә.Молдағұлова көшесі 9, 9/2;
Чапаев алаңы 1;
Привокзальная көшесі 1, 3;
Ә.Кердері көшесі 191.
Мұнда жөндеу жұмыстары алдын ала мәлімет бойынша 22 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбыр ауыстыруға байланысты 200-ден астам абоненттің ыстық сусыз қалғанын жазған едік.