ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында «Аяз»» сауда үйі өртенді.
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 ақпан күні Құрманғазы көшесі 127/1-мекенжайында болды.
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
«Сағат 07.05-те бір қабатты «Аяз» сауда үйінде аумағы 30 шаршы метр материалдық заттар, төбе жақтаулары отқа оранды. Сондай-ақ аумағы 10 шаршы метр ішінара шатыр ішін жалын шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 08.04-те оқшауланып, 09.40-та ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 46 адам, 15 техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығынан 3 адам, 1 техника атсалысты. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде. Аталмыш сауда үйінің жалпы ауданы – шамамен 800 шаршы метр», деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаментіФото: БҚО Төтенше жағдайлар департаментіФото: БҚО Төтенше жағдайлар департаментіФото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).