Орал қаласында блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды
21:58, 25 Ақпан 2026
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қалалық сотында блогер Айболат Бөкеновке қатысты үкім шықты.
А.Бөкенов сот үкімімен алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру бойынша айыпты деп танылды.
Оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.
Тергеу барысында ауыл және бірнеше аудан әкімі, депутат, шенеуніктер жәбірленуші ретінде танылды.
Сотталушы өз кінәсін мойындады.
Бұған дейін үйқамақта болған А.Бөкенов сот залында тұтқындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да шенеунікті бопсалаған блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.
Сондай-ақ, Оралда блогерге қатысты сот талқысы басталды.