ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық су беру тоқтатылады.
Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, бұл «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырлары басқармасы Орал филиалының шаһардағы газ құбырларында сынақтар өткізуіне байланысты.
«Сондықтан тауарлы газ беру тоқтатылады. Ыстық судың берілмеуі соған байланысты болмақ. Жоспарланған жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда ыстық су беру бұрынғыша қайта қалпына келтіріледі», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жөндеуге байланысты көше мен автокөпір жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).