ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы Деркөл кентінде қараусыз қалған тұрғын үйде арқалық құлаған.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 22 сәуір күні болды.
Арқалық 1998 жылғы жігітті басып қалған.
— Жедел жеткен құтқарушылар аяғы сынған жігітті арқалықтың астынан алып шықты. Содан кейін оны тасымалдау үшін аяғын медициналық шинамен бекітіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аяғының сүйегі сынған жігіт қазіргі кезде облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізушінің жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).