ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында қатты желге байланысты ұшақтар кешігіп жатыр.
«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екпіні секундына 20 метрге жеткен күшті желдің салдарынан 6 ақпан күні Алматы-Орал бағытында келе жатқан Fly Arystan әуе компаниясы 7 165 ұшағының командирі Атырау қаласындағы қосалқы әуе айлағына ұшу туралы шешім қабылдаған. Ұшақ Оралға бүгін келмекші.
Сондай-ақ осындай себеппен Air Astana әуе компаниясының 319/937 Майндағы Франфурт-Астана-Орал рейсі және Qazaq air әуе компаниясының 421 Атырау-Орал рейсі кешігіп жатыр.
«Ұшу-қону жолағы қар мен мұздан толық тазартылған. Әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына дайын. Рейстер тек қатты желге байланысты кешігіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).