Орал қаласында полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні болды.
«Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да анасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімнің ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).