ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласының маңында орналасқан «Космос» және «Комаров» бау-бақша серіктестіктерінде бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осы сәтке дейін құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды алып шықты.
«Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау арнайы операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде. Тікұшақ әуеге көтерілді. Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған болатынбыз.
Орал қаласы төңірегінде саяжайлар суға кетіп жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).