ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.
- Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).