Орал қаласында заңсыз құбыр қазғандар ұсталды

Орал қаласында заңсыз құбыр қазғандар ұсталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: "Батыс су арнасы"

«Батыс су арнасы»» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Бауыржан Ғилажевтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні Зачаган кентіндегі «Ревунок» кафесі маңында болды.

«Белгісіз біреулер орман аумағында жер қазу жұмыстарын жүргізіп, болат тұрбаларды алумен айналысқан. Аталмыш тұрбалар «Батыс су арнасы» ЖШС теңгерімінде (№1 кәріздік сорғы стансасынан шығатын резервтік кәріз коллекторының тұрбалары). Жұмыстар кәсіпорынның келісімінсіз жүргізілген. Оған қоса көп теректер бүлінген. Күдіктілер қылмыс үстінде қолға түсті», - дейді Б.Ғилажев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. 

Фото: "Батыс су арнасы"

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне (адамдар тобының өзара сөз байласуымен жасалған ұрлық) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп хабарлады ведомстводан.

Фото: "Батыс су арнасы"
Фото: "Батыс су арнасы"