ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.
Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 ( 3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 ( 29, 850 см), Тайпақта 514 ( 10) сантиметрді көрсетті.
Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге ( 11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.
Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 ( 18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.
Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см ( 3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қосымша эвакуация пункттерінің тізімі жарияланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).