Орал қаласында жылу құбыры жарылып, мекеме жылусыз қалды

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Орал қаласында жылу құбыры жарылып, халық шығармашылығы орталығы жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, 13 желтоқсан күні қалалық құбыр жүйесіндегі апаттық жағдайға байланысты Ю.Гагарин көшесі 105/3-мекенжайында орналасқан облыстық халық шығармашылығы орталығы уақытша жылудан ажыратылды.

Себебі — 1970 жылдары салынған құбыр ескірген. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов оқиғаны растап, аталмыш мекемеде 43 адам жұмыс істейтінін жеткізді.

«Жылу жоқ болған соң электр жылытқыш қосып отырмыз», — дейді қызметкерлер.

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Сондай-ақ әлеуметтік желіде тұрғындар кейбір мектептер мен балабақшалар салқын екенін хабарлап, салдарынан балалар ауырып жатқанын жазып жатыр. 

Осыған байланысты Орал қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform