Орал қаласындағы Депо көпірі 15 күнге жөндеуге жабылады
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласындағы Депо көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Фото: Орал қаласының әкімдігі
Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, Депо көпірі 25 маусым күні сағат 22.00-ден бастап 10 шілдеге дейін жабылады.
Фото: Орал қаласының әкімдігі
- Жабылатын аумақ – М.Мәметова көшесінен депоға дейінгі аралық. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында деформациялық тігістер қалыпқа келтіріледі. Мұнымен мердігер мекеме «Нұртем» ЖШС айналысады, - деп хабарлады.
Депо көпірінің жөнделуіне байланысты № 1, 5, 19, 20, 22, 38, 46 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктердің маршруттарына да өзгерістер енгізіледі.
Фото: Орал қаласының әкімдігі
Аталмыш көпір 1965 жылы салынған. Оған 2016-2018 жылдары 2,3 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қала күніне орай Депо көпірі ашылғанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).