Орал қаласындағы кейбір мектептерде сынып бөлмелері салқын

Фото: Мухтор Холдорбеков / агентство Kazinform.

Орал қаласындағы кейбір мектептерде сынып бөлмелері салқын, деп хабарлайды Kazinform. 

Орал қаласы білім беру бөлімінен мәлім еткеніндей, қазіргі уақытта сол мектептерде оқу процесін жүргізу жылы кабинеттерге ауыстырылып жатыр.Сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ мамандары шақыртылып, сынып бөлмелері салқын болуының себебі анықталу үстінде.

«Қаланың барлық мектептерінде жауапты мамандар сынып кабинеттерінің ауа температурасын өлшеп, білім бөліміне уақытылы хабарлап отыр. Санитарлық талапқа сай оқу кабинеттерінде ауа температурасы 18 градустан төмен болмауы тиіс. Білім беру ұйымдары қыс маусымына дайындық жұмыстарын мерзімінде жүргізді. Тамыз айында «Жайықжылуқуат» мекемесінен дайындық актісін алды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында жылу құбыры жарылып, мекеме жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қазіргі уақытта облыстық халық шығармашылығы орталығына жылудың қосылғанын хабарлады.