ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шаһар тұрғынының Орал қаласының әкіміне дау айтуы туралы іс қаралды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен азамат қала және облыс әкімдіктеріне жүгініп, оның тұрғын үйін тұруға жарамсыз деп тану және тұрғын үй беру туралы өтініш жазған.
Алайда бас тарту туралы жауап алған.
- Істі қарау барысында судьяның ұсынысымен тараптар келісімге келді. Келісімнің шарттары бойынша талапкер талап қоюдан бас тартады. Жауапкер өз кезегінде биылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде талапкерге төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адам ретінде мүлікті бағалау туралы есепке сәйкес 2 млн 231,082 мың теңге мөлшерінде залал сомасын төлеуге міндеттенді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 14 жастағы баланы ұрған сатушыға жаза кесілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).