Орал қаласы маңынан адам сүйектері табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы маңынан адам сүйектерінің табылуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің айтуынша, сүйектер кеше 2-саяжай қауымдастығына қарасты «Тополек» саяжай аумағы маңынан табылған.

Экскаватормен топырақты қазған кезде сүйектер шыққан. Осы жерде адамдар жерленген болуы мүмкін.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралатын болады.