ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласы маңында орман алқабы жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өрт 17 шілде күні кешкісін басталды.
Қала маңындағы 2-саяжай аумағындағы «Урожайный» саяжай қоғамынан 5 км жерде 4 га орман алқабы мен 8 га жерде құрғақ шөп өртенді.
Қазіргі таңда «тілсіз жауды» ауыздықтауға БҚО ТЖ департаментінен 75 қызметкер, 17 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 5 адам, 5 техника, орман шаруашылығынан 8 адам, 1 техника, полиция департаментінен 6 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірнеше күнге созылған орман өрті сөндірілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).