Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 1981 жылғы әйелдің денесі қалаға қарасты Серебряков кентінен 7 шақырым жерде 18 сәуір күні сағат 17.00-де табылған.

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Әйелмен соңғы рет байланыста болған 1992 жылғы ер адам анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Айта кетейік, әйел қалаға қарасты Круглоозерный кентінде тұрған. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм ертең жер қойнына беріледі.