ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казино туралы ақпараты бар 16 сайттың таратылуына тыйым салды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Ойын бизнесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казинолардың қызметіне тыйым салынады.
Аталған талап бұзылып, шетелдік интернет көздеріне, яғни 16 сайтқа (ikvulkan3.com/, casinohan.com, flamingocasino.kz, vegas.stavkinasport111.com, casino.stavkinasport111.com, riobet-ru.com, mc-lotos.safe-iplay.com, gmslots-play-online.com, www.freebetslots.ru, deluxe-sloty.com, casinogrand.kz, 777-avtomati.com, videoslotsonline.ru, sloti.com, onlinegambling.kz, kasino-korona.com) Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы қолданушылардың қолдары еркін жететін интернет-казино орналастырылған.
Орал қаласы прокурорының 16 талап-арызы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімі заңнамалық актілерге қайшы келеді деп танылып, еліміздің барлық аумағында тыйым салынды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).