ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 6 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС мәліметіне қарағанда, Деркөл және Зачаган кенті, «Телеорталық», «Ескі әуежай», «Құрылысшы» шағынаудандарында электр желілері апаттық жағдайда ажыратылды.
Қала бойынша барлығы 6 321 абонент электр жарығынсыз қалды.
Тұрғындар сонымен қатар жол қатынасында да қиындық туындағанын хабарлап жатыр.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі таңда шаһарда «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС-ның 8 апаттық бригадасы жұмыс жасауда. Оған қоса 2 бірлескен диспетчерлік қызмет электрге қосумен айналысуда. Барлығы 10 бригада іс үстінде.
Сондай-ақ Оралда қар тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында алғашқы қар жауғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).