Орал қаласында адамды машинасымен қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

None
ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бұл оқиға 12 наурызға қараған түнгі 01.00 шамасында Орал қаласында орын алған еді.

Белгісіз жүргізуші Орал-Самара жолы бойындағы «Бәйтерек» базары тұсында азия пішіндес азаматты қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сәкен Қайролдиннің айтуынша, қаза тапқан адам Зеленов ауданы Махамбет ауылында тұрған 1983 жылғы Аңсар Иқсанов екені анықталды. Аталмыш басқарманың іздестіру бөлімі ешқандай із қалмаса да, адам қағып өлтірген «Мерседес 208» автокөлігінің жүргізушісі А. деген азаматты тапты. Қазір ол қамауда, тергеу амалдары жүргізілуде.