Орал қаласында алаяқтық жасаған азамат бес жылға сотталды

None
ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық сотының үкімімен Ж.Нұрғалиев ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша ( алаяқтық ) айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сондай-ақ сот үкімімен Д.Ілиясованың пайдасына 10,6 млн. теңге өндірілді. Сот барысында анықталғанындай, Ж.Нұрғалиев 2007-2008 жылдары Д.Ілиясоваға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Орал қаласынан үш бөлмелі пәтерді кедергісіз және тез алып берем деп, аталмыш мөлшердегі ақшасын иемденіп кеткен.

Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде сондай-ақ ұялы телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері де кең таралып отыр.