Орал қаласында «Ардагер» клубы ашылды
10:54, 08 Мамыр 2009
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында Ю.Гагарин атындағы кинотеатрдан «Ардагер» клубы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш клуб қалада тұратын ардагерлердің бас қосып, әңгіме дүкен құратын, түрлі шаралар өткізетін орнына айналмақ. Мұнда шахмат клубы да жұмыс жасайды.
Ардагерлер шаңырағының Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында ашылуы олар үшін ерекше қуаныш болды.