Синоптиктердің мәліметінше, тек Орал қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Ақтау, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.