ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 11 маусым күні Зачаган кенті Теміртау көшесі 19-мекенжайында болған.
«Сағат 11.32-де екінші қабатта балкон жанып, жалын жатынжай бөлмесіне ауысып, жеке заттар, жиһаз отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. Пәтердің иесі – 88 жастағы кейуана. Жоғары және төменгі қабаттардан 18 адам өздері үйден шыққан, олардың үшеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 18 адам 5 техникамен қатысты. «Тілсіз жау» сағат 11.51-де оқшауланып, 12.13-те ауыздықталды», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында «Бәйтерек» жабық базары өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).