ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25-30 наурызда күн жылынып, жауын-шашынды болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай ағын су деңгейі көтеріліп, жайылуы мүмкін.
БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың және электр, байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алынуда.
Айта кетейік, қазіргі кезде Орал қаласында дамылсыз қар жауып тұр. Қыс басталғаннан бері шаһардан 225 мың текше метр қар шығарылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).