«Егер олар (Өтепқалиевтер отбасы) уақытында жедел жәрдем шақырса, әйел аман қалар еді. Дәрігерлер тым кеш шақырылғандықтан, үш баланың анасы жан тәсілім етті», - дейді Жайдар Құрманов.
Оның айтуынша, отбасының ауру жұқтырушысы әйелдің өзі болған. Алайда, оның сальмонеллез вирусын қайдан жұқтырғаны белгісіз.
«Біз, балалардың айтуы бойынша, олар азық-түлік сатып алған дүкендегі тартылған етке тексеру жүргіздік. Алайда, сатып алған етте сальмонеллез анықталмады. Жүргізген тексеріс Өтепқалиевтер отбасы сатып алған тартылған еттен басқасына жасалғанын айта кету керек», - деді облыстың қоғамдық денсаулық департаментінің басшысы.