ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес Орал қаласында екі бірдей емдеу мекемесі салынуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылы 9-шы ықшамауданда ауысымына 500 адамды қабылдайтын қалалық емхана құрылысы басталды. Оның мердігері ? «Болашақ-Т» ЖШС, бірінші және екінші кезеңнің сметалық құны ? 135 млн. теңге. Қалаға қарасты Зачаган кентінде 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы тұрғызылуда. Мұның мердігері ? «Алтим» ЖШС, құрылыстың сметалық құны ? 1,2 млрд. теңге.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).