деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының орта білім беру мектептерінің оқушылары арасында жіті тыныс жолдары вирусты жұқпаның өршуіне байланысты, қалалық білім департаменті өткен қараша айының 30-ынан үстіміздегі желтоқсанның 4-іне дейін 54 мектепті карантинге жапқан болатын.
Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан мәліметіне сәйкес, бүгіннен бастап барлық мектептер қалыпты жұмысына қайта кірісті. Облыстық және қалалық орта білім беру мекемелерінде оқыту үрдісі басталды.