Орал қаласында «Мектепке жол» іс-шарасы кеңінен ұйымдастырылды

ОРАЛ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Мектепке жол» іс-шарасы кеңінен ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар құқығын қорғау департаменті облыстық балалар үйінде осындай шара өткізді. Онда демеушілердің қолдауымен биыл бірінші сыныпқа барған он сегіз бүлдіршінге сыйлықтар тарту етілді. Балдырғандар өз өнерлерін көрсетіп, қамқорлық танытқандарға ризашылықтарын білдірді.

Қала мектептерінде де көп балалы отбасылардан шыққан жеткіншектерге, жетім, қамқорлыққа мұқтаж басқа да балаларға киімдер, оқу құралдары берілді.