ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында он көшеге өңірге танымал азаматтардың есімі берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қалалық мәслихатының хатшысы Әнес Ізтелеуовтің айтуынша, Дарьинск көшесі - суретші Сәкен Ғұмаров, Макетная - жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы, Садовая - ақын Сатыбалды Дауымов, Соболев - облыс аудандарын басқарған Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдәлиев, Крестьянская - өңірде басшылық қызметтер атқарған Рахметолла Егізбаев, Железнодорожная ұзақ жыл облыстық телерадиокомпанияға жетекшілік еткен Наурызғали Сыдықовтың есімімен аталатын болды. Сондай-ақ Крылатская көшесіне - Мәжікен Бутин, Алтайға - Шолақ Артығалиев, Лиманнаяға Қайша Миханова, Вальковаяға - Сәрсен Ақмұрзиннің есімдері берілді. Сонымен бірге «Жақсы ауыл» шағынауданындағы жаңа көшелер Аққозы батыр, Ахмет Дауылбаев есімдерін иеленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).