ОРАЛ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы жалғасуда. Бүгін мекеме-кәсіпорындар, оқу орындары, тұрғындар осымен екінші рет сенбілікке шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұның алдында, қыркүйектің 5-інде өткізілген сенбілікке қалаға қарасты кенттерді қоса есептегенде, 30 мыңдай адам қатысып, қаладан 908 текше метр түрлі қоқыс шығарылған болатын. 67 жүк машинасы бірнеше сағат бойы жұмыс істеді. Бұл шаруалар бүгін де жалғаспақ.
Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, жалпы тазалық мәселесін нықтау үшін қала аумағына екі мыңға жуық контейнер орналастырылған. Өткен жылы 50 қоқыс алаңшасы жасалып, контейнерлер қойылса, биыл мұның саны 100-ге жетпек. Зачаган кенттік округінде 28 күл-қоқыс жинау орны белгіленді. Кеңдала, Ипподром, Арман шағынаудандарында да осындай істер тындырылуда.
Оралда қыркүйек айында жалпықалалық үш сенбілік ұйымдастырылып отыр. Соңғысы қыркүйектің 26-сында өткізілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).