ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Зачаган кенті «Сарытау» шағынауданында болған.
Сағат 20.41-де А.Гужвин атындағы көшеде тұрғын үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.
Мансардты үйдің төбесі мен қабатаралық ағаш жақтаулары жанған. Өрттің аумағы 70 шаршы метрді қамтыды.
Сағат 22.44-те өрттің беті қайтып, бүгін 00.33-те сөндірілді. Оған барлығы 16 адам, 5 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).