Орал қаласында жаңа балабақша пайдалануға берілді

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 19-ында Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 280 орындық №40 «Болашақ» балабақшасы пайдалануға беріліп,

оның салтанатты ашылу рәсіміне Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш ғимарат «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына ( 480,3 млн. теңге ) салынды, мердігері - «Техстрой» ЖШС. Қос қабатты ғимаратта бүлдіршіндер 12 топта тәрбиеленбек. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Сабақ мемлекеттік тілде жүргізіледі. Орыс, ағылшын тілдері қосымша оқытылады. Музыкалық және спорт залы, медицина мен психолог кабинеттері, компьютер сыныбы  да бар.

Осы күні сондай-ақ №41 «Ақ тілек» және №43 «Өркен» балабақша ғимараттары да  пайдалануға берілді. Бұларды күрделі жөндеу жергілікті бюджет есебінен жүргізілді.