ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Құрмет» атты жаңа қонақүй ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қос жұлдызды, төрт қабатты қонақүйде келушілерге барлық жағдай жасалған. Тұрмыстық техника, жиһаздармен жасақталған 47 демалыс бөлмесі болса, соның 9-ы бір орындық, 35-і екі адамға арналған, үшеуі - люкс. Сауна, бассейн, бильярд залдары да қосымша қызмет көрсетеді.
Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен өңірде кәсіпкерліктің дамып, жаңа нысандардың іске қосылып отырғандығын атап өтсе, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ облыстық филиалының директоры Виктор Графкин қонақүй басшылығына сапаға сәйкестік сертификатын табыс етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).