ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Производственная көшесі бойынан граната табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 20.15-те гранатаға ұқсас зат табылған.
Арнайы шаралар барысында ол шынында да Ф-1 гранатасы болып шықты.
БҚО ішкі істер департаменті оқу-жаттығу взводының саперлары қаладан үш шақырым жерде әскери гранатаның көзін жойды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).