Орал қаласындағы теміржол вокзалының төбесі түтіндеді
18:56, 01 Қаңтар 2014
ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - 1 қаңтар күні түс шамасында Орал қаласындағы теміржол вокзалының төбесі түтіндеді.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Толқын Нұрғуатованың айтуынша, бұл оқыс жағдай өрт деп айтуға келмейді. Дегенмен оқиға орнына 7 өрт сөндіру техникасы шұғыл жетіп, ғимараттан 25 адам шығарылған. Түтіндеу электр сымының қысқа тұйықталуынан болған сияқты.
Қазіргі кезде аталмыш оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.