Орал қаласындағы Зачаган кентінде жаңа бақ пайда болмақ

None
ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - 19 қазан күні Орал қаласына қарасты Зачаган кентіндегі №10 мектеп аумағындағы алаңқайда күзгі ағаш отырғызу сенбілігі өтті.

Сенбілікке Орал қаласы әкімдігінің аппараты мен әкімдіктің бөлім қызмет­кер­лері, қалалық мәслихат депутаттары - жалпы саны екі жүздей адам қатысып, 2 мың дана үйеңкі, 100 акция ағашының көшеті отыр­ғызылды.

Болашақта саябаққа айналатын бұл алаңқайға кө­шеттер жоспарлы сызба бо­­йынша егілді. Арнайы мамандар көшеттердің орнын алдын ала қаз қатар қып қа­зып әзірлеп қойған. Топырақ­қа тал тігілмес бұрын тамы­рына тыңайтқыштар салын­ды. Көп салалы жол пайда­ла­ну мем­лекеттік кәсіпорны­ның төрт суару техникасы жұ­­­мыл­дырылды. Аталмыш кә­­­сіп­­­орын директорының кө­­­гал­­­­дан­ды­ру бойынша орынба­­са­ры Лұқ­пан Өтебалиевтың айтуынша, Орал қа­ласы бойынша биыл­ғы күз­дің өзінде 3 мың түп­тен ар­тық көшет отырғызылмақ. Шаһардың сая­бақ­­та­ры мен көшелеріне егіл­ген сәндік өсімдіктер, ақ­қайың мен жыңғылға көп са­ла­лы жол пайдалану мемле­кет­тік кәсіпорнының қызмет­кер­ле­рі күтім жасайды. Ал өткен жылы қала бойынша 80 мыңдай ағаш отырғызылған болатын.