Л. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы активінің жиналысы болып, онда Елбасы Жолдауына орай алда тұрған міндеттер талқыланды.
Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов өз баяндамасында алдымен Елбасының өткен жылғы Жолдауына байланысты қолға алынған шараларға тоқталды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланатын биылғы жылда да орындалатын жұмыстар аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жиырма жыл ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Қала басшысы сонда-ақ мерзімінен бұрын 3 сәуірде өтетін президенттік сайлаудың жақын қалғанын, оның табысты болуы үшін бар күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап көрсетті.
Жиында сөз алған қалалық мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Светлана Әділова, №3 қалалық емхана дәрігері Светлана Чекалина, қалалық мәслихат депутаты Ерлан Бақтияров Елбасы Жолдауына байланысты алда тұрған міндеттерді орындауға атсалысатындықтарын айтып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шаралардың жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).