ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының Солтүстік-шығыс ауданынан бірнеше нысан бой көтермек.
Қала әкімі Самиғолла Оразовтың айтуынша, осы аудандағы Алаш көшесі бойынан 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ шағын аудандарда 280 және 320 орындық қос балабақша тұрғызылады. Сонымен бірге Солтүстік-шығыс шағын ауданында Қазақстанның тұңғыш Президенті атындағы 650 орындық инновациялық мектеп пен Неке сарайын салу жоспарланып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).