Орал қаласының теміржол вокзалы жабылмақ
Оның айтуынша, 1983 жылы салынған бұл вокзал бүгінде әбден ескірді. Бұдан 10 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткенімен, вокзалдың қазіргі жағдайы талапқа мүлдем сай емес. Қабырғалары мен есік-терезесінің көнергенін айтпағанда, вокзал ішілік желілер бүгінгі таңдағы энергетикалық салмақты көтере алмайды. Ал, бұл жағдайдың теміржол вокзалының қызметін баяулататыны сөзсіз.
Жөндеу жұмысы тамыздың 15-нен басталмақ. Күрделі жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен 201 миллион теңге бөлінді. Аталмыш қаржыға вокзалдың есік-терезесі мен су және жылу жүйесі түгел ауыстырылып, оның іші-сырты, төбесі мен астыңғы қабаты түгелдей жөнделмек. Бүгінде тендер өткізіліп, жөндеу жұмысын жүргізетін серіктестік есімі анықталды. Тендерді ұтып алған «ЭльтаW» ЖШС 180 миллион теңгенің үстіндегі қаржыға жөндеу жұмысын жүргізбек.
Жөндеу жұмысын жүргізу кезінде вокзал ішін қайта жасақтау ісі ескеріледі. Мысалы, жаңарған вокзалдың бірінші қабатында билет сататын кассалардан басқа, дәріхана, ыстық тамақпен қамту орны, балалардың ойын алаңы, полиция қызметкеріне арналған бөлме, компьютерлік зал, салқын сусындар мен газет-журнал сататын орындар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, жолаушылар үшін өте қажет саналатын ұялы телефон және оның бірлігімен қамтасыз ететін арнайы орындар мен банкоматтар, шаштараз бен аяқ киім жөндеу орындары да өз қызметтерін халыққа ұсынбақ. Вокзалға қондырылатын 22 бейнебақылау қондырғысы жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Болашақта жолаушыларды ІІ платформаға Астана вокзалындағыдай канкорд арқылы шығару жоспарлануда.
Вокзал жаңа жыл қарсаңында қайта ашылмақ.