ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Орал қаласының жастары 9 қараша күні жоспардан тыс сенбілікке шықты.
Тазалық айлығының аяқталғанына қарамастан, Шаған жағалауы көшесі, 5-ші және 7-ші шағынаудандар, Курени және Чапаев затоны аумағындағы жұмыстарға облыстық жастар саясаты басқармасының қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының көшбасшылары жұмылдырылды. Нәтижесінде сенбілікке екі мыңға жуық адам қатысты. Аталмыш шара қала тұрғындарына өз аумағын таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарды одан әрі еңбекқорлыққа үйретуге септігін тигізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).