ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал-Көшім су жүйесі арқылы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарына су жеткізілмек.
Бұл туралы Орал-Көшім су жүйесінің 70 жылдығына орай облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Су шаруашылығы саласы ардагерлерімен кездесуде атап өтілгеніндей, соңғы жылдары Саратов облысы аумағында Қараөзен мен Сарыөзен бойында су қоймаларының көптеп салынуына байланысты БҚО-ға судың келуі мүлдем азайып кетті. Осы мәселені шешу мақсатында Жайықтан Қараөзенге 30 млн. текше метр су жеткізу үшін аталмыш жүйені қайта құрудың бірінші және екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Айдархан су қоймасы қалпына келтірілуде, мұнда 53 млн. текше метр су жинауға болады. Шағын өзендерге су толтыру үшін басқа да құрылыстар жүргізіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).