ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ауа райының 29 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Орал қаласы мектептерінде бірінші және екінші ауысымда 1-9-сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің кезекшісі Нұрболат Мұқажанов аудандарда да күн суық болса, мектептерде сабақ тоқтатылатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын күннің күрт аяздатуына байланысты Оралда 12 және 14 желтоқсан күні бастауыш сыныптарда алғашқы ауысымда сабақ болмаған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).