ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мектептерінде күннің суытуына байланысты сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қалалық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасының 28 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымда 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Күннің суытуына орай биыл қалада алғаш рет осындай шара қолданылып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қалың жауған қардың БҚО жұртшылығын әбігерге салғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).