Орал Мұхамеджанов Жеңіс ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Минскіде ресми сапарда жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) Кеңесінің атынан Жеңіс ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты,

деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Минск қаласының Жеңіс алаңында 38 метрлік ескерткіш орнатылған. Бейнеленген Жеңіс орденінің көлемі үш метрдей.

Ескерткіштің алдында мәңгілік алау жанып тұр. Алғаш рет алауды 1961 жылғы 3 шілдеде Кеңес Одағының Батыры, Минск қаласының құрметті азаматы, генерал-полковник А.С. Бурдейный жақты.

Ескерткіш кешені Ұлы Отан соғысындағы ерлікті бейнелейтін белгілерге толы, сонымен қатар Беларусь елін жаудан азат еткен боздақтарға арналған мемориалдық зал да бар.

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына кіретін елдер парламенттерінің жетекшілері Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесуден кейін ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты.