БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.
Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
22:33, 30 Қаңтар 2024
Орал тұрғыны 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
АСТАНА. KAZINFORM - Полиция қызметкерлері қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Орал қаласының тұрғынын анықтады.